Car Dealer        

 


"СемАЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, бастапқы мемлекеттік тіркеуден 2006 жылғы 23 ақпанда өткен. Кәсіпорын - автоқұрастыру зауыты, Шығыс Қазақстан, Семей қаласында орналасқан.

Зауытты құрудың бастамашысы атақты қазақстандық спортшы, кеңес және қазақстан спортының аңызы -Дәулет Тұрлыханов бастаған бір топ бизнесмендер болды. 

"СемАЗ" ЖШС кәсіпорнының мақсаты - Қазақстан Республикасында бәсекеге қабілетті автомобильдер шығаруға мүмкіндік беретін және Қазақстан халқының және жақын елдердің бір бөлігінің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін автомобиль өнеркәсібін құру болып табылады. 

"СемАЗ" ЖШС Қазақстанда ауыл шаруашылығы және жүк техникасын өндіруші болып табылады. Зауыт серіктестері арасында әлемдік жетекші концерндер: "Минск трактор зауыты", "УралАЗ", "ГАЗ", "Shaanxi" және "FOTON"компаниялары бар.

Семей қаласындағы "СемАЗ" ЖШС қуаттылықтарында Беларусь маркалы  тоғыз модификациялы тракторлары, Shacman жүк автомобильдері (жүк көтергіштігі 25 тонна самосвалдар және миксер), әртүрлі модификациядағы «Урал» өтімділігі жоғары жүк автомобильдері, «FOTON»  жүк автомобильдері шығарылады. 

"СемАЗ" сапа менеджменті жүйесі  ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған.

«СемАЗ» ЖШС көптеген республикалық байқаулар мен көрмелердің  лауреаты болып табылады. Барлық сапа стандарттарына сәйкес келетін жоғары сапалы өнім шығарғаны үшін көптеген мақтау қағаздарымен, дипломдармен және медальдармен марапатталған.

2010 жылы «СемАЗ» ЖШС Қазақстанның автомобиль және машина жасау өнеркәсібін дамытқаны үшін «Алтын Белгі»  алтын медалін алды. Шығарылатын өнімнің жоғары және тұрақты сапасы біздің тұтынушыларымыздың және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ұлттық компаниясының пікірлерімен расталады.

"СемАз" ЖШС  Компаниясы Ауғанстандағы соғыс ардагерлеріне, Қызыл Крест және Жарты ай қоғамына, мектептерге, балабақшаларға қолдау көрсетеді

.

 

 

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+