Алматы қаласында Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына отандық өндірістегі жедел медициналық жәрдем көліктері табысталды.

ГАЗель NEXT базасындағы жедел жәрдем көліктері заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, бұл медицина қызметкерлеріне науқастарға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Осы маңызды жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін облыс әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасына алғысымызды білдіреміз.
ГАЗ бренді мен «СемАЗ» зауыты үшін осындай маңызды бастаманың бір бөлігі болу – үлкен мәртебе.

Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлесімізді қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз және жаңа автокөліктер халық игілігіне ұзақ жылдар қызмет етеді деп сенеміз!
