Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңір әкімі Марат Ахметжановпен бірлесіп "КАИК" ЖШС зауытының өндірістік алаңына барды. Сапар барысында ол кәсіпорынның өндірістік қуаттарымен танысты, тракторлар мен комбайндарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру желілерін қарап шықты, сондай-ақ өндірісте қолданылатын заманауи технологиялық процестерді зерттеді.



"КАИК" ЖШС Бас директоры Олег Геннадьевич Балыбин кәсіпорынның қызметімен егжей-тегжейлі таныстырып, жұмыстың ағымдағы нәтижелерін ұсынды және одан әрі даму жоспарлары туралы айтты. Модельдік қатарды кеңейтуге, оқшаулау деңгейін арттыруға және саланың өндірістік әлеуетін нығайтуға ерекше назар аударылды.

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+